locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барыстың шабуылшысы қатарға қайта оралды

Фото: X (twitter)

"Барыстың" шабуылшысы Даниил Апалков аурудан кейін қатарға оралды, деп хабарлайды Шайба.кз. Хоккейші алдағы мәскеулік "Динамоға" қарсы матчқа қатыса алады.

Ағымдағы маусымда 32 жастағы шабуылшы ҚХЛ тұрақты чемпионатында үш матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеді. Өткен максымда оның есебінде 35 "тұрақты" жекпе-жекте 14 ұпай (6+8) бар.

Апальков 2023 жылдан бері "Барыс" құрамында өнер көрсетіп келеді. Сәуір айында тараптар келісімшартты 2025 жылдың маусымына дейін ұзартты.

Естеріңізге сала кетейік, жақын арадағы "Барыс" матчын 24 қыркүйекте үйде мәскеулік "Динамоға" қарсы өткізеді. Кездесу Астана бойынша сағат 19:00 – де басталады.

"Барыс" - "Динамо" Мәскеу. Онлайн көру. Тікелей эфир