Барыстың бұрынғы қақпашысы Эдди Паскуале мансабын итальяндық клубта жалғастырады
Хоккей
03 қара 2024 02:49
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: БАРЫС ХК
“Локомотив”, “Барыс” және “Металлург” командаларында өнер көрсеткен канадалық қақпашы Эдди Паскуале енді мансабын итальяндық клубта жалғастырады.
33 жастағы канадалық ойыншы Аустрияның ашық чемпионаты — ICE Hockey League-де өнер көрсететін “Пустерталь” клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.
Паскуале ҚХЛ-де 2019 жылдан бері ойнап келеді, ал өткен маусымда ол “Барыс” үшін 36 матч өткізді. 2020/21 маусымында ол Ярославльдің “Локомотив” құрамында лиганың үздік қақпашысы атанды, ал 2022 жылғы Олимпиадада Канада ұлттық құрамасы сапында екі матчқа қатысты.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52