locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барыстың бірнеше ойыншылары Блинов кубогіне қатыспайды

Фото: X (witter)

Барыстың бірқатар ойыншылары Блинов кубогіне қатыспайды, бұл туралы Shaiba.kz хабарлады.

Бұл тізімге қақпашы Никита Бояркин, қорғаушылар Даниил Бутенко, Тамирлан Гайтемиров, Самат Данияр, Адиль Бекетаев, сонымен қатар шабуылшылардан Динмухаммед Кайыржан, Александр Борисевич, Макси Мухаметов, Роман Старченко, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Батырлан Муратов, Кирилл Савицкий және Алихан Асетов енді.

Барыстың Блинов кубогіндегі алғашқы матчы 21 тамызда Авангардқа қарсы өтеді. Кездесу Астана уақытымен 18:30-да басталады.