Барыс төңірегіндегі жағдай ҚХЛ президентінің назарын аударды
Құрлықаралық хоккей лигасының президенті Алексей Морозов "Барыс" ойыншыларына жалақы төленбеуіне байланысты жағдайға қатысты өз пікір білдірді. Лига басшысы бұл мәселені бақылауда ұстайтынын айтты.
"Барыс туралы ақпарат келді, кішігірім мәселе туындаған екен. Бірақ клуб басшылығы барлық мәселелерді айдың соңына дейін шешуге уәде берді. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз және клубпен байланыстамыз", – деді Морозов.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана қазақстандық клубтың қаржылық қиындықтары туралы ақпарат тараған болатын.
Сонымен қатар, "Барыс" ҚХЛ-дің жаңа маусымындағы сәтсіз сериясын жалғастыруда. "Амурға" 5:1 есебімен жеңілді және бұл клубтың осы маусымдағы қатарынан үшінші сәтсіздік болды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52