Барыс соңғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті
21 қазан күні КХЛ-дың тұрақты маусымы аясында Минскілік “Динамо” командасы Елордалық “Барыс” командасымен кездесті.
Бірінші кезеңде минскілік команда басым түсті, канадалық Крис Тирни дәл соққымен есеп ашты. Екінші кезеңде Астананың командасы есепті теңестіру мүмкіндігіне ие болып, бұл жолы Әлихан Өмірбеков мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Ал, ойын овертаймға ұлысады деген сәтте Кирилл Панюков “Барыс” командасын жеңіс сыйлаыд. “Барыс” ойыншысы кездесудің 59 минут 30 секундында жеңіс шайбасын соқты!
Осылайша, “Барыс” матчты 2:1 есебімен жеңіп шықты!
КХЛ. Тұрақты маусым
“Динамо” (Минск) – “Барыс” (Астана) – 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)
Шайбалар: Тирни, 18:48 (1:0), Өмірбеков, 34:51 (1:1), Панюков, 59:30 (1:2).
Бұл “Барыс” үшін биылғы маусымдағы үшінші жеңісі.
Келесі матчты қазақстандық команда 23 қазан күні “Сибирь” командасына қарсы өткізеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52