Барыс - Сибирь матчтының анонсы
ҚХЛ дың ресми сайты "Барыс" пен "Сибирь" командалары арасындағы ойын алды шолу жасады. Кездесу Астана уақытымен 19:30-да басталады.
- Биылғы маусымда командалар екі рет кездесіп, бір-бірімен жеңістер алмасты (3:1 - 0:2). "Сибирь" Астанаға келіп, "Амурға" қарсы (1:5) болған жеңілістен кейін "Адмиралына" (4:2) қарсы жеңіске жетіп, түзету жасады. Вадим Епанчинцевтің командасы 31 ұпаймен Шығыста 10-орында тұр, плей-офф аймағынан 5 ұпай артта, бірақ "Нефтехимикке" қарағанда үш матч кем өткізген. Ал "Барыс" 23 ұпаймен конференцияда соңғыдан бір саты жоғары. Астананың үш матчтық жеңіліс сериясы бар, соңғысы — үйде "Трактордан" (3:5) болған. Қазіргі уақытта "Сибирьге" "Автомобилистен" келген Брендэн Лайпсик қосылуы мүмкін.
"Барыстың" қақпашысы Никита Бояркин 93,8 пайыздық қорғаныс көрсеткішімен және 2,03 коэффициентімен маусымның үздік бес қақпашысының қатарына кіреді. Соңғы бес ойында Астананың ең нәтижелі ойыншысы — шабуылшы Антон Бурдасов (4+0). "Сибірдің" Владимир Бутузов (3+4) жеті матчтан бері ұпай жинап келеді. Владислав Қара төрт матчтық нәтижелі серияға ие (3+1). Тревор Мёрфи — маусымда ең көп ұпай жинаған қорғаушы, жалпы бомбардирлік жарыста топ-5-ке кіреді (8+28, 35 матч). "Сибирь" қорғаушысы Тимур Ахияров — 92 соққыны бөгеген үздік бес қорғаушының қатарында.
"Сибирь" КХЛ тарихында "Барыспен" өткен 57 кездесудің 30-ында жеңіске жеткен.
Хоккей
Бүгін 09:23
Бокс
Бүгін 06:39