Барыс шетелдік ойыншыларға 250 миллион теңгеден астам өтемақы төледі
Астаналық клуб кеше қорғаушылар Натан Больё мен Уилл Бутчер және шабуылшы Майкл Маклаудпен келісімшартты бұзғанын жариялады.
Metaratings.ru ақпаратына сәйкес, астаналық клуб шамамен 265 миллион теңге жұмсаған. Шабуылшы Майкл Маклауд 92,5 миллион теңге, қорғаушы Уилл Бутчер 107 миллион теңге, ал Натан Больё 65 миллион теңге көлемінде өтемақы алған.
Ойыншылар “Барыстың” қатарына осы жазда қосылған болатын. Больё КХЛ-дің тұрақты чемпионатында 8 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Бутчер 15 ойында 3 нәтижелі пас жасады. Ал Маклауд 16 ойынның қорытындысы бойынша 6 (3+3) ұпай жинады.
Айта кетейік, биылғы маусымда КХЛ-да “Барыс” Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр. Команда 16 матчтан кейін небәрі жеті ұпай жинады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52