locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Барыс шабуылшысы Михаил Рахманов мерейтойлық 200-ші матчын өткізді

Барыс шабуылшысы Михаил Рахманов мерейтойлық 200-ші матчын өткізді
ФОТО: ХК БАРЫС

“Барыс” шабуылшысы Михаил Рахманов Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) 200-ші матчын өткізді. 32 жастағы ойыншы үшін мерейтойлық кездесу Новосібірдің “Сібіріне” қарсы сырт алаңда өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

Рахманов лигадағы дебютін 2012 жылдың 13 қазанында Мәскеудің “Спартагына” қарсы ойында жасады (5:1). ҚХЛ-дегі мансабында шабуылшы тек астаналық клубтың намысын қорғап келеді.

200 матчта Рахманов 40 (18+22) ұпай жинап, “Барысты” үш рет плей-оффқа шығаруға көмектесті.

“Ақ барыстар” келесі кездесуін 29 қазанда өз алаңында “Куньлуньмен” өткізеді. Матч Астана уақыты бойынша 19:00-де басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie