locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барыс сапы екі танымал хоккейшімен толықты

Барыс сапы екі танымал хоккейшімен толықты

Астаналық "Барыс" Виктор Антипин және Антон Бурдасовпен келісімшартқа отырғаны туралы ресми мәлімдеді. Хоккейшілер ресейлік "Трактор" сапында өнер көрсеткен.

Команданың ресми сайтында спортшылар еркін агент ретінде ауысып, бір жылға келісімшартқа отырды деп жазылған. "Трактор" ойыншылармен келісімшартты ұзартқысы келмей, келісімшартты бұзған.

Өткен маусымда Виктор "Трактор" үшін 69 жекпе-жек өткізді, ал Антон 56 матч.

ҚХЛ аясындағы алғашқы матч 4 қыркүйекте өтеді. Жаңадан ойыншылар "Барыс" – "Нефтехимик" кездесуінде ойнай алады. Кездесу Астана уақытымен 19:30-ға жоспарланған.