locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Барыс» «Металлургке» есе жіберіп, ҚХЛ 3×3 турнирінің соңғы сатысында қалды

Хоккей 27 сәу 2025 11:41
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Барыс

Астаналық «Барыс» ҚХЛ 3×3 чемпионатының 18-турындағы сәтсіз сериясын жалғастырды. 27 сәуірде команда турдың соңғы матчында Магнитогорскінің «Металлург» клубына 4:6 есебімен есе жіберді.

Ойынның басынан бастап «Металлург» бастаманы өз қолына алып, жетінші минутқа қарай есепті 4:1-ге жеткізді. «Барыс» екінші кезеңде ойынға қайта оралып, есепті 4:5-ке дейін қысқартты. Алайда соңғы минуттарда шешуші шайбаны өткізіп алды.

ҚХЛ 3х3, 18-тур, 27 сәуір

Металлург 3х3 (Минск) — Барыс 3х3 (Астана) - 6-4

Шайбалар: 1:0 — Гончар (Шмелев), 00:56; 1:1 — Корчагин (Макеев), 01:17; 2:1 — Варфоломеев (Гончар), 04:43; 3:1 — Гончар (Олейников), 05:30; 4:1 — Харькин (Полукаров), 06:57; 5:1 — Марченков (Олейников), 08:05; 5:2 — Макеев (Александров), 11:59; 5:3 — Рахманов (Данияр Сн.), 14:39; 5:4 — Корчагин, 18:31 (буллит); 6:4 — Варфоломеев (Шмелев), 19:22

26 сәуірде «Барыс» қатарынан екі жеңіліс тапқан болатын: Минскінің «Динамосына» буллиттер сериясында 3:4 есебімен, ал «Сибриь» командасына 3:5 есебімен жол берген.

18-турдың қорытындысы бойынша астаналық клуб 27 ұпаймен ҚХЛ 3×3 турнирлік кестесінің соңғы орнында тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie