Барыс командасының бас бапкері Виктор Антипиннің қалпына келуден кейінгі ойынын бағалады
"Барыс" хоккей клубының бас бапкері Ғалым Мамбеталиев команда қорғаушысы, ресейлік хоккейші Виктор Антипиннің ойынына қатысты пікір білдірді.
"Ол алаңға ертерек шыққысы келді, бірақ біз оны сақтадық. Бір апта бұрын дайындық кезінде жаттығуда сәл ақсаңдап жүрді. Сондықтан оны "Динамо" және "Куньлунь" командаларына қарсы ойындарға шығармадық. Ал Челябинскке қарсы ойынға қосып, бүгін Әділ Бекетаевпен бірге ойнады. Бұл оның екінші ойыны, жалпы алғанда, жаман емес. Менің ойымша, ол әлі де өз деңгейін жақсартады. Виктордың ҚХЛ-да үлкен тәжірибесі бар, ол командаға көмектеседі", – деді бапкер клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Қазан айында алған ауыр – аяқ сүйегінің сынуынан кейін Антипин толық қалпына келді.
2024/25 жылғы ҚХЛ маусымында Антипин "Барыс" құрамында 10 ойын өткізіп, үш нәтижелі паспен көзге түсті.
Баскетбол
Бүгін 09:30