locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Барыс канадалық қорғаушыны өз құрамына қайтарды

Барыс канадалық қорғаушыны өз құрамына қайтарды

"Барыс" ресми ресурстарында канадалық қорғаушы Алекс Гранттың ауысуы туралы жариялады. Тараптар маусымның соңына дейін келісімшартқа қол қойды.

Хоккейші бұған дейін "Барыс" құрамында өнер көрсеткен. Өткен маусымда 35 жастағы қорғаушы ҚХЛ-да сегіз матч өткізіп, өз есебіне бір шайба мен бір нәтижелі пас берді.

Бір маусым бұрын канадалық ҚХЛ-ның бірегей рекордын орнатып, лига тарихында бір матчта покер жасаған алғашқы қорғаушы болды. Бір қызығы, сол кезде де ол "Барыстың" ойыншысы болған.

Қазақстандық клубқа ауысқанға дейін Грант СКА, "Йокерит" және "Аризона" құрамында өнер көрсетті. Қорғаушының есебінде ҚХЛ-да барлығы 246 матч (41 - "Барыста") және 114 ұпай (40+74) бар.