locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барыс хоккей клубы ойыншыларының жалақысына 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді

Фото: Барыс

Биылғы маусымда «Барыс» хоккей клубы негізгі құрамдағы ойыншылардың жалақысына 3 миллиард 130 миллион теңге жұмсамақ. «Спорт-Экспресс» газетінің хабарлауынша, командаға жаңадан келген шетелдіктер жалақы бойынша алғашқы ондықта.

Қазақстандық ойыншылардың ішінде ең көп жалақы алатыны 29 жастағы шабуылшы Кирилл Савицкий, оның жалақысы 126 миллион теңге. 25 жастағы Батырлан Мұратов 10 үздіктен ең аз соманы - 31 миллион теңге алады.

Айта кету керек, бұл сомалар бонустарды қамтымайды. Жас ойыншылар биылғы маусымда 4,7 млрд теңгені құрайтын айлықақыдан босатылды.