locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барыс ҚХЛ-дің жаңа маусымындағы алғашқы сырт алаңда өтетін ойындарға құрамын анықтады

Барыс ҚХЛ-дің жаңа маусымындағы алғашқы сырт алаңда өтетін ойындарға құрамын анықтады

"Барыс" хоккейшілері жаңа маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы ойындарына аттанды, деп хабарлайды қазақстандық клубтың баспасөз қызметі.

Дэвид Немировскийдің командасы Екатеринбургте "Автомобилистпен" (17.09), Қазанда "АК Барспен" (19.09) және Балашихада "Витязьбен" (21.09) кездеседі.

"Барыстың" бұл матчтарға арналған құрамы анықталды:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Юхан Маттссон, Владимир Никитин.

Қорғаушылар: Виктор Антипин, Әділ Бекетаев, Уилл Бутчер, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Никита Камалов, Артём Королёв.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Антон Бурдасов, Чейс ДеЛео, Дамир Жафяров, Владислав Кодола, Дінмұхамед Қайыржан, Майкл Маклауд, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Коннор Смит, Роман Старченко, Ансар Шайхмедденов, Уэйд Эллисон.

Батырлан Мұратов пен Натан Больё жарақатына байланысты ойындарға шақырту алмады. Медициналық себептерге байланысты сырт алаңдағы ойындарға Даниил Апальков қатыспайды.

Ал , Всеволод Логвин мен Олег Бойко жақын арадағы кезеңді "Номад" командасында өткізеді.