Барыс ХК Солтүстік Америкадан келген барлық легионерлермен келісім-шарттарын бұзады
Бүгін “Барыс” хоккей клубында үлкен өзгерістер орын алуда. Клубтың директоры болып Нұрлан Оразбаев сайланды. Ал бас бапкер қызметіне қайтадан Ғалым Мәмбетәлиев оралды. Бірнеше сағат бұрын клуб Даниил Апальков және Владислав Кодоланың команда сапынан кеткенін ресми хабарлаған болатын. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында “Барыс” клубының жаңа директоры Нұрлан Оразбаев командадан Солтүстік Америкадан келген легионер ойыншылар ұжымнан кететін хабаралады.
Солтүстік Американың легионерлері қатарында қорғаушылар Натан Больё, Уилл Бутчер, Алекс Грант, шабуылшылар Чейз Де Лео, Майкл Маклауд, Си Джей Смит және Уэйд Эллисон бар.
Нұрлан Оразбаевтың айтуынша, команда сапында орнын тек бір легионер сақтап қалады. Ол қақпашы – Юхан Маттсон.
Голкипер Юхан Маттссон сохранит место в составе "Барыса". Об этом сообщил генеральный директор астанинского клуба Нурлан Оразбаева на пресс-конференции.
Айта кету керек, қазір Юхан Маттссон екінші нөмірдегі қақпашы рөлінде ойнап жүр, ал негізгі қақпашы рөлінде -Никита Бояркин. Швед қақпашысының еншісінде ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында 7 матч бар.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20