Барыс ХК экс-ойыншысы Юрий Сергиенко мансабын Францияның Марсель клубында жалғастырады
Хоккей
02 жел 2024 04:05
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Францияның "Марсель" клубы құрамын өскемендік хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Юрий Сергиенкомен толықтырды. Бұл туралы Sport+ сайты хабарлады.
Қорғаушы Континентальды хоккей лигасында (ҚХЛ) 7 маусым өткізіп, соңғысын «Барыс» сапында аяқтаған. Қазақстаннан тыс жерде мансабын жалғастыруды шешкен спортшы алдымен Словакияда ойнады, енді Францияны таңдады.
Бұған дейін Сергиенко Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларының сапында ойнап, капитандық міндетін атқарған.
Барыстың бұрынғы ойыншысы Даррин Диц жаңа клубында 20 миилион рубль пайда табады.
Танымал жаңалықтар