locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Барыс» бас бапкерді жұмыстан шығара алмай отыр

Мамбеталиевтің келісімшартын бұзу тым қымбатқа түспек
Хоккей 23 мау 2025 02:26
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Барыс» бас бапкерді жұмыстан шығара алмай отыр
ФОТО: ХК «Барыс»

Хоккейден «Барыс» клубында күтпеген жаңалықтар орын алуда. «Головой Об Лед» басылымының мәліметінше, команданың бас бапкері Ғалым Мамбеталиевті қызметінен босату клуб үшін тиімсіз қадам болуы мүмкін.

Белгілі болғандай, бапкердің жылдық жалақысы – 54,9 миллион теңге. Алайда келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу үшін «Барыс» 200 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге мәжбүр болады. Бұл сома клубтың бюджетін айтарлықтай шайқалтуы ықтимал.

Тіпті жаңа тағайындалған бас директор Сәкен Мусайбековтің өзі бұл жағдайда әрекет ете алмай отыр. Клубтың шешімі енді спорттық көрсеткіштерге емес, қаржылық мүмкіндіктерге тәуелді болып қалған сыңайлы.

«Барыс» ҚХЛ 3х3-тегі соңғы ойында ірі жеңіліске ұшырады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie