Барыс бапкері өзінің басты міндетін атады
"Барыстың" бапкері Ғалым Мамбеталиев клуб басшылығының алдына қойған басты міндетін атады.
"Міндет - жақсы және жауынгерлік команда құру. Менің ойымша, жігіттер мұны түсінеді және тырысады. Осы үш күннің өзінде жаттығуға деген көзқарас өзгерді. Барлығы жұмыс істейді, бәрі еңбектенуде. Менің ойымша, егер бұл жалғаса берсе, біз ұпай жинаймыз", – деді маман баспасөз мәслихатында.
Мамбеталиев өткен аптада "Барысты" басқарды. Соңғы матчта оның басшылығымен команда Минск "Динамосын" 2-1 есебімен жеңді.
Алайда, бұл жеңіс турнир жағдайына әсер еткен жоқ. "Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясында тоғыз ұпай жинап, соңғы 12-ші орында тұр.
Келесі матчты "Барыс" 23 қазанда "Сибирге" қарсы өткізеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 17: 30-да.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52