Қазақстандық шабуылшылар Азия чемпионатының үздік сұрмергендері қатарына енді
Қазақстандық шабуылшылар Евгений Королинский мен Евгений Рымарев Азия чемпионатының үздік сұрмергендері қатарына енді.
Алматыда өткен және сенбі күні аяқталған бұл жарыс IIHF аясындағы алғашқы Азия чемпионаты болды. Қазақстан құрамасы соңғы турда Жапонияны жеңіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.
Рымарев сол ойында дубль жасап, чемпионат барысында жалпы үш нәтижелі паспен бірге бес ұпай жинады. Дәл осындай нәтижеге Королинский де қол жеткізді. Екі қазақстандық шабуылшы сұрмергендік жарыста екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Жапониялық Таига Ирикура бірінші орынға шығып, төрт шайба соғып, жалпы бес ұпай жинады. Тағы бір жапон ойыншысы Чикара Ханзава да бес ұпайға (1+4) қол жеткізді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20