locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық хоккейші ҚХЛ-ның ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың ондығына кірді

Фото: КХЛ

"Металлургтің" қазақстандық форварды Никита Михайлис ҚХЛ-ның ең жоғары жалақы алатын ойыншыларының бірі болып табылады. Бұл туралы Shaiba.kz SE рейтингіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Михайлис жылына 419 млн теңге алады. Ол ҚХЛ-дағы ең жоғары жалақы алатын он ойыншының қатарына кіреді. Рейтингте қазақстандық форвард сегізінші орында.

ҚХЛ-ның ең көп жалақы алатын ойыншысы – Авангардтың шабуылшысы Владимир Ткачёв. Оның жалақысы жылына 629 млн теңгені құрайды.

Бірінші үштікке Рид Буше ("Авангард", 498 млн теңге) және Дмитрий Яшкин ("Ақ Барс", 471 млн теңге) кірді.

Ең көп жалақы алатын 10 ҚХЛ ойыншысы:

1. Владимир Ткачёв ("Авангард") — жылына 629 млн теңге;
2. Рид Буше ("Авангард") — 498 млн;
3. Дмитрий Яшкин ("Ақ Барыс") — 471 млн;
4. Шелдон Ремпал ("Салават Юлаев") — 461 млн;
5. Джош Ливо ("Салават Юлаев") — 445 млн;
6. Максим Шалунов ("Локомотив") — 445 млн;
7. Алекс Галченюк ("Амур") — 419 млн;
8. Никита Михайлис ("Металлург") — 419 млн;
9. Джордан Уил ("Динамо") — 419 млн;
10. Эрик О'Делл ("Динамо") — 419 млн.