Қазақстан жасөспірімдер құрамасы хоккейден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды


Мажарстанның Секешфехервар қаласында шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионында (А тобы) Қазақстан құрамасының ойындары аяқталды.
Соңғы турда 18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Украинадан 2:3 есебімен ұтылды. Біздің құрама сапынан Әлихан Бақыт пен Алишер Сәркенов бір-бір шайбадан соқты. Екі хоккейші де «Барыс» жастар командасында өнер көрсетеді.
Украинаға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы болып қорғаушы Дамир Бритиков танылды. Ал Алишер Сәркенов бүкіл турнир бойынша Қазақстан құрамасының ең нәтижелі хоккейшісі атанды - 5 (2+3) ұпай, 5 матчта.
Қазақстан құрамасының турнирдегі нәтижелері:
Қазақстан – Словения – 2:3
Қазақстан – Мажарстан – 4:0
Қазақстан – Дания – 2:5
Қазақстан – Аустрия – 4:2
Қазақстан – Украина – 2:3
Жалпы есепте Қазақстан 7 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды және қола медаль жеңіп алды. Күміс жүлде 12 ұпай жинаған Украина құрамасына бұйырды. Ал турнирдің чемпионы - барлық матчта жеңіске жеткен Дания құрамасы. Осылайша, дат хоккейшілері элиталық дивизионға жолдама алды, ал Аустрия құрамасы бірінші дивизионнан төмен түсті.

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19

Теннис
Кеше 23:15