locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан құрамасының көшбасшысы ҚХЛ маусымында бір ойында бес ұпай жинаған алғашқы ойыншы болды

Фото: КХЛ
Қазақстан құрамасының көшбасшысы ҚХЛ маусымында бір ойында бес ұпай жинаған алғашқы ойыншы болды

Қазақстан құрамасы мен ресейлік “Металлург” клубының хоккейшісі Никита Михайлис ҚХЛ жаңа маусымында бір ойында бес ұпай жинаған алғашқы ойыншы атанды.

3 қазанда ЦСКА-ға қарсы ойында Михаилис екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сырттағы ойын “Металлургтың” пайдасына 7:0 есебімен аяқталып, Михайлис кездесудің басты жұлдызына айналды.

Осы жеңісінің арқасында Андрей Разин шәкірттері ҚХЛ тұрақты маусымының плей-офф аймағына көтеріліп, 10 ұпаймен 8-орында тұр.

Бұл ретте Никитаның бұрынғы клубы астаналық “Барыс” мәскеулік “Спартактан” 2:4 есебімен ұтылып, маусымдағы 10-шы жеңіліске ұшырады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie