locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы неге соңғы айда ойындарға қатыспай жүргені белгілі болды

Хоккей 19 қара 2024 12:50
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы неге соңғы айда ойындарға қатыспай жүргені белгілі болды
Фото: shaiba.kz

Омбының "Авангард" командасының қорғаушысы Даррен Диц соңғы айда ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында бар болғаны екі ғана ойын өткізген. Омбы клубының негізгі құрамына хоккейшінің неліктен кірмей жүргенінің себебі анықталды.

"Даррен Диц команда құрамында, ол Омбыда. Оның ойындарға қатысуы – жаттықтырушылар штабының шешімінде", – деп мәлімдеді "Авангард" басшылығы.

Айта кетейік, Даррен Диц соңғы рет мұз айдынына 31 қазанда Тольяттилік "Ладаға" қарсы өткен өз алаңындағы матчта шыққан. Ағымдағы маусымда Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы 18 кездесуде 4 (1+3) ұпай жинаған.

Pro Hokey Ligasy. Хумо Қазақстан чемпионатында Ақтөбеден кек қайтарды

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie