locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы Президент Кубогінің финалында жеңілді

Хоккей 18 там 2024 10:35
Сергей Турчак
Сергей Турчак
sports24 сарапшы
Қазақстан құрамасы Президент Кубогінің финалында жеңілді

Тольяттиндық Лада Президент кубогінің жеңімпазы атанды. Жексенбі күні, 18 тамыз, Астанада өткен турнирдің финалында КХЛ клубы Қазақстан құрамасын қапы қалдырды.

Финалдық кездесу қызықты өтті. Лада ойынның 7-ші минутында есепті ашып, басымдықты ұстады. 23-ші минутта Алихан Асетов таблодағы есепті теңестірді.

Бірақ, содан соң Қазақстан құрамасы ойыншыдан айырылып, шайба өткізіп алды. Ойынның 30-шы минутында Баранцев Ладаны алға шығарды. Дәл осы шайба ойынның соңғы шайбасы болды.

Қазақстан Президентінің кубогы. Финал. Астана, 18 тамыз.

Қазақстан құрамасы - Лада - 1:2 (0:1, 1:1, 0:0).

Қазақстан құрамасының құрамы: Павленко (Никитин В.) - Гайтамиров-Данияр-Буяльский-Мухаметов-Панюков;Бекетаев-Михайлов, Савицкий-Өмірбеков-Старченко; Полохов-Бреус, Рахманов-Борисевич-Асетов; Королёв-Никитин К., Қайыржан-Дёмин-Оспанов.