Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан жеңілістің себептерін түсіндірді
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артем Лихотников Азия чемпионатының алғашқы матчында Оңтүстік Кореяға 1:4 есебімен жеңілістің себептеріне тоқталды.
“Бізде көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ оларды жүзеге асыра алмадық. Біз басымдық көрсетіп, ойынды жүргіздік, бірақ гол соға алмағанымыздан осындай нәтиже орын алды. Қарсыласты екі есеге көп лақтырғанымызбен, соңғы сәттерде кәрістер 3-4 рет лақтырған шайбаларын дәл орындады. Бұл – өз жанкүйерлеріміздің алдында көрсеткіміз келген ойын емес еді.
Өз жеріміздегі турнир болғандықтан, басты мақсатымыз – жеңіс. Алдағы ойындарға дайындалып, қателіктерімізді түзетеміз. Бүгін бізді гол соғу мүмкіндігінің болмауы сүріндірді.
Олар біз білмейтіндей, біз дайын болмағандай ештеңе ұсына алмады. Барлық нәрсе біздің ойынымызға негізделді, бірақ гол соға алмауымыз – басты мәселе болды”, – деді Лихотников.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52