Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионатында қарсыласын ірі есеппен жеңді
Алматыда (Қазақстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның хоккей құрамасы Қытай командасымен кездесті.
Бұл ойын Қазақстан құрамасының пайдасына, 6:1 ірі есебімен аяқталды. Осыған дейін Олег Болякин жаттықтыратын команда Оңтүстік Корея құрамасына 1:4 есебімен жол берген еді.
Қазақстан U-20 – Қытай U-20 – 6:1 (1:0; 1:1; 4:0)
1-кезең
1:0 - 16:34 - Бреус (Гренц, Рымарев) ГБ
2-кезең
1:1 - 26:52 - Чанг Минджу (Ху Уянг, Джанг Пенгфей)
2:1 - 32:32 - Буяльский (Королинский)
3-кезең
3:1 - 44:13 - Гренц (Рымарев)
4:1 - 44:53 - Королинский (Бреус, Зубов)
5:1 - 50:25 - Бреус (Буяльский) ГБ
6:1 - 56:52 - Бреус
Айта кетейік, 9 қарашада Қазақстан құрамасы Жапониямен кездеседі. Азия чемпионаты тарихында алғаш рет өткізіліп жатқан бұл турнирге небәрі төрт құрама – Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея қатысуда. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтуде.
Сонымен қатар, жапондар Қытайды (4:1) және Оңтүстік Кореяны (5:2) жеңіп, екі кездесуде де жеңіске жетті.
Футбол
Бүгін 15:27
Футбол
Бүгін 14:57
Хоккей
Бүгін 14:47