Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын күтпеген жеңіліспен бастады
Қазақстанның оңтүстік астанасы-Алматыда тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты өтуде. Азия біріншілігінің алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея мен Қазақстан командалары кездесті.
Кездесу Қазақстан ұлттық құрамасының 1:4 есебімен жеңілісімен аяқталды. Қазақстан құрамындағы жалғыз шайбаның авторы Александр Борисевич болды.
Оңтүстік Корея-Қазақстан– 4:1 (0:0, 2:1, 2:0)
1 кезең
Соғылған шайбалар жоқ
2-ші кезең
20:56-О (Ли С., Ли Х.) - 1:0
23:51-Борисевич (Преснов) - 1:1
34:46-Хен-2:1
3-ші кезең
58:03-Кан (Ким) - 3:1
58:05-Кан (Ким) - 4:1
Қақпашылар: Ли-Әмірбеков
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанмен бір топта Жапония мен ҚХР да өнер көрсетеді. Турнирдің өзі айналмалы жүйеде өтеді, ал плей-офф кезеңіне тек төрт команда шығады.
Бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирдің бірінші матчында жеңіліп қалған болатын
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52