Қазақстан - Мажарстан. Ерте кеткен үміт, кеш келген шайба. Голдар және матчқа бейнешолу


13-нен 14 мамырға қараған түні Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы топтық кезеңнің үшінші ойынын өткізіп, Мажарстанға 2:4 есебімен есе жіберді.
Ойын бастала салысымен-ақ Қазақстан құрамасы қақпасына шайба жіберіп алды - 15-ші секундта Хари есеп ашты. Бірінші кезең аяқталуға жақын қалған сәтте Тербоч есепті 2:0-ге жеткізіп, мажарлардың басымдығын арттырды.
Екінші кезеңде Никита Михайлис көпшілікте сәтті шабуыл жасап, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ үшінші жиырма минуттық басталған бетте Мажарстан құрамасы тағы да шабуылды үдетіп, Галло мен Винце бір-бір шайбадан соқты.
Негізгі уақыттың соңғы минутында Валерий Орехов есепті 2:4-ке жеткізді - бұл кездесудің қорытынды нәтижесі болды.
Матчтың бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.

Футбол
Бүгін 06:06
