Қазақстан – Қытай. Қазақстандықтардың табанды күресі мен жеңісі. Матчқа бейнешолу


Харбинде IX қысқы Азия ойындарының хоккей турнирінің жартылай финалдық кездесуі өтті. Қазақстан құрамасы Қытай командасын 3:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Бұл матч нағыз тартысты шайқасқа айналып, қазақстандық хоккейшілер өздерінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бірінші кезеңде қос команда да сақ ойнап, қауіпті шабуылдарға жол бермеуге тырысты. Алайда екінші кезеңде Қазақстан құрамасы ойын тізгінін өз қолына алып, басымдық танытты. Алдымен Роман Старченко есеп ашса, араға аз уақыт салып, Дмитрий Гренц есеп айырмасын ұлғайтты. Үшінші кезеңде Қытай құрамасы қарқынын күшейтіп, бір шайба соғып үлгерді. Дегенмен соңғы минутта Дмитрий Бреус қарсылас қақпасына үшінші шайбаны тоғытып, матчтың нүктесін қойды.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.

Футбол
Бүгін 16:00

Футбол
Бүгін 15:46

Футбол
Бүгін 14:46