Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты алдында жолдастық кездесу өткізді


Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы 9–15 сәуір аралығында Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтетін бірінші дивизионның «В» тобындағы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда.
Турнир алдындағы дайындық аясында ұлттық құрама жергілікті Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Бұл кездесу жаттықтырушылар штабы үшін құнды тәжірибе болды - хоккейшілер жаңа құрамда ойнап, турнир өтетін елдің мұз айдынына бейімделуге мүмкіндік алды.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 9 сәуір күні Оңтүстік Корея командасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 9 сәуір күні Астана уақытымен 17:00-де Корея командасына қарсы өткізеді. Турнирдің толық кестесін мына сілтемеден көре аласыздар.

Футбол
Бүгін 06:03
