locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстан хоккейшілері топтық кезеңді мінсіз нәтижемен аяқтады

Қазақстан хоккейшілері топтық кезеңді мінсіз нәтижемен аяқтады
ФОТО: icehockey.kz

Харбиндегі 2025 жылғы Азия ойындарында Қазақстан хоккей құрамасы топтық кезеңнің соңғы матчында Оңтүстік Кореяны 2:1 есебімен жеңді.

Бірінші кезеңде кореялықтар есеп ашқанымен, екінші кезеңде біздің команда таразы басын теңестірді. Ал шешуші үшінші кезеңде қазақстандықтар қарсыластың қақпасына тағы бір шайба енгізіп, жеңісті жұлып алды. Айта кетерлігі, матчтағы үш голдың барлығы да сан басымдығы кезінде соғылды.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі барлық матчта жеңіске жетіп, 15 ұпаймен және 41:3 шайба айырмасымен көш бастады. Оңтүстік Корея 11 ұпаймен және 36:10 шайба айырмасымен екінші орынға тұрақтады.

Қазақстан – Оңтүстік Корея – 2:1 (0:1, 0:0, 2:0)

0:1 – 11:08 – Кан (Нам, Ли)
1:1 – 44:58 – Лихотников (Савицкий, Данияр) ГБ
2:1 – 58:42 – Старченко (Рымарев, Панюков) ГБ

Қақпашылар: Шұтов – Ли

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie