Қазақстан хоккейден жасөспірімдер әлем чемпионаты-2025: Данияға есе жіберді


Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U18) жастар арасындағы әлем чемпионатының IA дивизионындағы үшінші ойында Даниядан 2:5 есебімен жеңіліп қалды.
Алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде қарсыластар алма-кезек гол соғып, дат құрамасы екі рет алға шықса да, біздің жігіттер таразы басын теңестіре алды.
Қазақстан құрамасынан Киреев пен Саркенов шайба салды. Алайда шешуші үшінші кезеңде Дания толық басымдық танытып, қақпамызға жауапсыз үш шайба соқты. Бұл кезеңде біздің ойыншылар қарсы шабуылға төтеп бере алмады.
22 сәуірде Қазақстан Мажарстанды тас- талқан еткен болатын.
Дат ойыншысы Бунгаард дубль авторы атанып, Рот төрт нәтижелі ұпай жинады. Келесі кездесу 24 сәуір күні Австрия құрамасына қарсы өтеді. Басталуы — Астана уақытымен сағат 19:00.
Қазақстан U18 - Дания U18 2:5 (0:0, 2:2, 0:3)
0:1 - 20:36 - Рот (Грин, Якобсен)
1:1 - 22:28 - Киреев (Саркенов, Бакыт) ГБ
1:2 - 48:08 - Ларсен (Рот, Фабер)
2:2 - 32:01 - Саркенов (Макыш, Нуржанов)
2:3 - 43:16 - Ларсен (Рот)
2:4 - 49:46 - Бунгаард (Кливо, Гроссман)
2:5 - 59:00 - Бунгаард (Рот)
Қақпашылар: Алпысбаев - Уайлде

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59