locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан Хоккей Федерациясы Алматыда өткен тарихи Азия чемпионатына кеткен шығынды жария етті

Қазақстан Хоккей Федерациясы Алматыда өткен тарихи Азия чемпионатына кеткен шығынды жария етті
ФОТО: olympic.kz

Қазақстан хоккей федерациясы (ҚХФ) Алматыда өткен Азия чемпионатын ұйымдастыруға жұмсалған миллиондаған шығындарды жария етті.

“Азия чемпионатының (“2025 IHF Ice Hockey Asia Championship”) ұйымдастырушысы Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) мен Қазақстан хоккей федерациясы болды. Чемпионатты өткізуге 135 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қаржыландыру демеушілік түсімдерден, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының қаражатынан және ҚХФ-ның жеке қаражатынан бөлінді”, – деп хабарлады Tengri Sport-ке Хоккей федерациясы.

ҚХФ мәліметінше, бұл қаражат турнирге қатысушы барлық командалардың, төрешілердің және делегаттардың Алматыда тұруы, тамақтануы мен трансферін қамтамасыз етуге жұмсалған. Ал Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамаларының ұшу шығындарын қабылдаушы тарап өз мойнына алған, ал IIHF тек марапаттау өнімдерін ұсынды.

Азия құрлығындағы алғашқы хоккей турнирі Қазақстанда 2024 жылдың 6-9 қараша аралығында өтті. Бұл жарысқа Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары қатысты. Алаң иелері үш ойынның екеуінде жеңіске жетіп, Азия тарихындағы алғашқы чемпион атанды.

Жанкүйерлер таңдауы: Барыстың бірде-бір ойыншысы жұлдыздар қатарына кіре алмады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie