«Ақтөбе» клубының төрт бұрынғы ойыншысы жаңа маусым алдында «Құлагер» сапын толықтырды


Петропавлдық «Құлагер» хоккей клубы жаңа маусым қарсаңында құрамын белсенді түрде күшейтіп жатыр.
Команданың қатарына бірден төрт ойыншы қосылды – барлығы да бұған дейін «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен.
Shaiba.kz мәліметінше, Солтүстік Қазақстан клубымен қорғаушы Илья Горожанинов пен шабуылшылар Дмитрий Исмагилов, Артем Сошников және Евгений Попитич келісімге келген.
29 жастағы Илья Горожанинов өткен маусымда Қазақстан чемпионатының тұрақты бөлімінде 36 матч өткізіп, 4 (1+3) ұпай жинаған. Плей-офф кезеңінде ол нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.
31 жастағы шабуылшы Дмитрий Исмагилов 40 кездесуге қатысып, 18 (5+13) ұпай еншілеген. Ал плей-оффтың 5 ойынында 6 (4+2) ұпай жинады.
26 жастағы Артем Сошников те тұрақты маусымда 40 матч өткізіп, 12 (3+9) ұпайға қол жеткізді. Плей-оффта бір нәтижелі паспен шектелді.
Жаңа ойыншылардың ішіндегі ең нәтижелісі - 30 жастағы Евгений Попитич. Ол 37 матчта 24 (8+16) ұпай жинап, плей-офф кезеңінде тағы бір нәтижелі пас берді.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында латвиялық маман Петерис Скудраның «Құлагер» командасының тізгінін қайта ұстауы мүмкін екені жайлы ақпарат тараған болатын. Скудра бұған дейін де Петропавл клубында жұмыс істеген және жаңа маусым алдында командаға қайта оралуы ықтимал.

Футбол
Бүгін 14:38


Футбол
Бүгін 13:52