locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ақтөбе хоккей клубы екі ойыншыны қатарына қосты

Ақтөбе хоккей клубы екі ойыншыны қатарына қосты

"Ақтөбе" хоккей клубы қос қорғаушы Герман Беспрозваннных және Егор Огиенкомен күшейді. Ойыншыларды ресми таныстырмады.

Шайба.kz ақпараты бойынша, хоккейшілер жақын арада келісімшартқа қол қояды. Келісімшарттың басқа мән-жайы белгісіз.

Германның соңғы клубы Өзбекстандық "Хумо" болды. Ойыншы медициналық тексерісті өтпей клубтан кетті. Ал Егор осыдан алдын "Бейбарыс" сапында өнер көрсетті.

"Ақтөбе" осыдан алдын төрт ойыншымен келісімшартын бұзған болатын.

Алдағы уақытта команда Қазақстан кубогі және чемпионатындағы жорығын бастайды.