Астаналық Барыстың ҚХЛ-дегі сырт алаңдағы ойындарына қатысатын құрам белгілі болды.
Sports24.kz сайты, "Барыс" клубының баспасөз қызметінің сілтемесіне сүйене отырып, команданың алдағы сырт алаңдағы ойындарға шақырылған хоккейшілер тізімін жариялағанын хабарлайды.
Вячеслав Булаев Мәскеу – Омбы – Екатеринбург бағыты бойынша турға келесі ойыншыларды алып барады:
Қақпашылар: Никита Бояркин, Юхан Маттссон, Владимир Никитин.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Натан Больё, Уилл Бутчер, Тамирлан Гайтамыров, Самат Данияр, Никита Камалов, Бейбарыс Оразов, Илья Хохлов.
Шабуылшылар: Даниил Апальков, Әлихан Әсетов, Станислав Бочаров, Антон Бурдасов, Андрей Буяльский, Дамир Жафяров, Дінмұхамед Қайыржан, Владислав Кодола, Майкл Маклауд, Максим Муxаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Никита Сетдиков, Семён Симонов.
Ойындардың кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):
3 қазан, 21:30 – "Спартак" – "Барыс"
5 қазан, 16:00 – "Авангард" – "Барыс"
7 қазан, 19:00 – "Автомобилист" – "Барыс".
Айта кетейік, астаналық клубтың капитаны Роман Старченко сырт алаңдағы ойындарға қатыспайды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52