locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

“Қарсыластың қақпашысы бізді шаң қаптырып кетті” “Автомобилист” бапкері “Барыспен” болған матчтың ба

ФОТО: YouTube
“Қарсыластың қақпашысы бізді шаң қаптырып кетті” “Автомобилист” бапкері “Барыспен” болған матчтың ба

“Автомобилист” бас бапкері Николай Заварухин ҚХЛ аясында “Барыспен” өткен матчтың нәтижесін қорытындылады, онда қазақстандық команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

“Біз "Барыс" соңғы матчтарда жеңілгенін түсініп, жігіттерді дайындадық. Команданың ұпайы аз болды, олар да барынша дайындалып келгені жаттығуынан-ақ көрініп тұрды. Біз жаман бастадық деп айта алмаймын. Өз қателігіміздің салдарынан қақпамызға гол жіберіп алдық. Екінші және үшінші кезеңде бізде шабуылдар мен соққылар бойынша айқын басымдық болды. Бүгін қарсыластың қақпашысы бізді шаң қаптырып кетті, дегенмен қақпа бағанасына тиген соққылар да болды, 40 рет қақпаға соққы жасадық, 20 минут бойы шабуылда болдық. Бұл спорт, бұл хоккей, біз әрі қарай жалғастырамыз”,- деді Заварухин.

“Автомобилист” бапкері “Барыс” қақпашысы Никита Бояркиннің тамаша ойын көрсеткенін атап өтті.

Бүгінгі жеңіске дейін “Барыс” қатарынан төрт матчта жеңілді.

Енді “Барыс” сырт алаңда “АК Барспен” (19.09) және “Витязьбен” (21.09) кездеседі.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie