locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Андрей БАЛАНДИН: “Қазақстандағы хоккейді кеңестік және ресейлік мамандар көтерген”

Хоккей 23 қаз 2024 09:33
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Андрей БАЛАНДИН: “Қазақстандағы хоккейді кеңестік және ресейлік мамандар көтерген”
ФОТО: Getty Images

“Трактор” хоккей клубының бұрынғы директоры Андрей Баландин “Барыс” клубындағы ауыс-түйістерге қатысты мәлімдеме жасады.

“РБ Спорт” сайтына сұхбат берген сарапшы астаналық клубқа қазақ мамандарының жұмысқа келгеніне көңілі толмайтынын астарлап жеткізді.

“Қазақстандағы хоккейді кеңестік және ресейлік мамандар көтерген. Сондықтан, қазір ол жақта біздің ресейліктер жұмыс істеуі керек. Мейлі, қазақтармен бірге жұмыс істеуі керек. Бірақ, ол жақта қазір кіммен жұмыс істеу керегін өздері білмей жатқан сияқты. Хоккей билігіне талас жүріп жатқандай”, - деді Баландин.

Еске салайық, ҚХЛ-де соңғы екі маусымда “Барыс” сәтсіз өнер көрсетіп келеді. Былтыр астаналықтар турнирді соңғы орынмен аяқтаса, биыл да 18 матчтың тек үшеуінде жеңіске жетіп, турнир кестесінің соңғы сатысына түсті.

Осындай сәтсіздіктерден кейін клуб директоры отставкаға кетіп, бас бапкері де алмасты. Атап айтсақ, “Барысты” ұзақ жыл басқарып келген Борис Иванищевтің орнына Нұрлан Оразбаев тағайындалса, жаттықтырушы Вячеслав Буцаевты Ғалым Мәмбетәлиев алмастырды.

Еске салайық, бұған дейін тағы бір ресейлік маман Андрей Назаров “Барыстың” мәселесімен ресейліктер айналысуы керек деп мәлімдеген еді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie