Алтынға бір қадам! Қазақстан Қытайды сүріндіріп, финалға жолдама алды


Қытайдың Харбин қаласында өткен Азиада-2025 аясындағы ерлер арасындағы хоккей турнирінің жартылай финалында Қазақстан мен Қытай құрамалары кездесті. Финал жолдамасына таласқан тартысты ойын жанкүйерлерді ерекше әсерге бөледі.
Кездесуде есеп тек екінші кезеңнің соңына қарай ашылды. Қазақстандықтар сапынан алғашқы шайбаны Роман Старченко соқты. Одан кейін Дмитрий Гренц басымдықты екі еселеп, ұлттық құраманы сенімді жағдайға шығарды. Үшінші кезеңнің соңғы минуттарында Қытай хоккейшілері есеп айырмасын қысқартып, Ван Цзинь мергендігімен көзге түсті. Дегенмен бұл тек уақытша үміт болды — ойын аяқталуға 47 секунд қалғанда Дмитрий Бреус қарсылас қақпасына шайба жіберіп, қорытынды есепті белгіледі — 3:1.
Қазақстан - Қытай (0:0,2:0,1:1)
Шайбалар: 1:0 - Старченко (Рымарев) – 36:45; 2:0 - Гренц (Михайлов, Оспанов) – 39:47; 2:1 – Ван (Миншеньхао) – 58:47; 3:1 – Бреус (Лихотников) – 59:12
Қақпашы Андрей Шутов қарсыластың 12 соққысының 11-ін қайтарып, өз командасын талай қауіпті сәттерден құтқарып қалды.
Осылайша, Олег Болякин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы финалға жолдама алып, алтын медаль үшін Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы жеңімпазбен кездесетін болды. Шешуші ойын 14 ақпанда Астана уақытымен 11:00-де басталады.
Қазақстандық биатлоншы қыздар Азиада-2025 эстафетасында қола медаль жеңіп алды

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30