locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Алматыда тарихта тұңғыш рет шайбалы хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Алматыда тарихта тұңғыш рет шайбалы хоккейден Азия чемпионаты өтеді

2025 жылы Алматыда тарихта тұңғыш рет шайбалы хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Турнир 6-10 қараша аралығында өтіп, оған Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары қатысады.

Бұған дейін бұл жарыс алғаш рет 2008 жылы Гонконгта алты команданың қатысуымен ұйымдастырылған «Asia Challenge Cup» атауымен өткен болатын. Соңғы турнир 2019 жылы Малайзияда өтті, онда Индонезия құрамасы жеңімпаз атанды, бірақ содан кейін COVID-19 пандемиясына байланысты ойындар тоқтатылды. 2025 жылы турнир жаңа форматта және «Азия чемпионаты» деген жаңа атаумен өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы шешуші кездесуде Словакия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып, 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама ала алмады.