Алматы хоккей клубы екі жаңа ойыншымен толықты
"Алматы" хоккей клубы екі жаңа ойыншымен толықты, деп хабарлайды Шайба.kz. Команданың жаңа ойыншылары форвард Сергей Твердохлебов және қорғаушы Никита Жульдиков болды.
Твердохлебов Қазақстан чемпионатының ағымдағы маусымын "Ертіс"құрамында бастады. 31 жастағы шабуылшы тұрақты чемпионатта 7 матч өткізіп, өз есебіне 4 ұпай (3+1) жазды.
Жульдиков маусымның басынан бастап "Құлагер" сапында өнер көрсетті. Осы уақытқа дейін 28 жастағы қорғаушы тұрақты чемпионатта 4 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, "Алматы" форварды Егор Кожевников Қазақстан чемпионатында аптаның үздік ойыншысы атанды. Хоккейші командаға 3 матчта жеңіске жетуге көмектесті және 7 ұпай жинады (3+4).
Қазіргі уақытта "Алматы" 8 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-ші орында тұр. Алдағы матчты команда 16 қазанда үйде "Сарыарқаға" қарсы өткізеді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20