Ғалым Мәмбеталиев: “Осы қарқында жалғастырсақ, ұпай жинаймыз”
“Барыс” кешегі өткен “Динамоға” қарсы тарысты ойында жеңіске жетті. Басшылығымен, бапкерлік құрамы ауысқаннан кейін астаналық команданың алғашқы жеңісі. Сырт алаңда өткен ойында, кездесудің соңғы минуттарында Панюков жеңіс голын соқты.
Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында “Барыс” командасының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев өз ойымен бөлісті. Айтуынша, хоккейшілер кездесуде гол соғатын сәттерді сәтті іске асырған.
- Ойынның алдында жігіттерге матчтың қиын болатынын ескерттік. Жақсы, жылдам команда, олардың шабуылдарын қарап, талдадық. Алаңда шабуылдаушы хоккей ойнап, аймақта жақсы қозғалады. Біз жанкештілік танытып, өз мүмкіндіктерімізді пайдаланып, жеңіске жеттік.
Өкінішке орай, кездесуде команданың бірнеше ойыншысы жарақат алған.
- Виктор Антипин шайба тигеннен кейін сүйегі сынған. Ал Адиль Бекетаев жарады, ауырсынуға шыдап, мұздату процедурасынан кейін қайта шықты. Иә, біз айтқандай, егер бір нәрсе дұрыс шықпай жатса немесе үлгермей жатса, шайбаны жауып қақпаны қорғау керек болатын. Жігіттер осыны жасады. Қақпашыға да, қорғаушыларға да көмектесті.
Жақында бірнеше легионерімен келісім-шартты тоқтатқан “Барыс” командасы турнирлік кестеде соңғы орында. Астаналық клуб келесі ойынын 23-ші қазан “Сибирь” командасына қарсы өткізеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52