locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ғалым Мамбетәлиев Амурға қарсы жеңіліске пікір білдірді

Хоккей 15 нау 2025 08:24
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ғалым Мамбетәлиев Амурға қарсы жеңіліске пікір білдірді
ФОТО: Барыс ХК

“Барыс” бас бапкері Ғалым Мамбетәлиев ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында “Амурдан” (5:2) болған қонақтық жеңілісіне пікір білдірді.

Мамбетәлиевтің айтуынша, команда матчты нашар бастады және дайын болмағандай көрінді. Екінші және үшінші кезеңдерде шабуылда сәттер тудырғанымен, қорғаныстағы қателіктер мен қарсыласқа кеңістік берудің салдары ауыр тиді.

“Біз мүмкіндіктер жасадық, бірақ оларды пайдалану керек еді. Үшінші, төртінші голдарды соққан жағдайда ойын басқаша болар еді. 5-ке 4 ойнаған кезде есепті өзгертудің мүмкіндігі болды, бірақ оны пайдалана алмадық. Сағаттық белдеудің өзгеруі де әсер еткен шығар, көптеген ойыншылардан үйреншікті қарқын көре алмадым. Жетекші ойыншылар барын салды, бірақ бұл жеңіске жеткілікті болмады,” – деді маман.

Мамбетәлиев жас ойыншылардың прогресін ерекше атап өтті, олар өз қарым-қабілеттерін дәлелдеп жатыр.

“Олар хоккей ойнап жүр, жігері бар. Әзірге физикалық тұрғыда жетіспеушіліктер бар, бірақ олардың алаңдағы ықыласы қуантады. Кейбір ұсақ қателіктерді түзесек, негізгі құрамдағы ойыншыларға лайықты бәсекелестік тудыра алады,” – деп толықтырды ол.

“Барыс” 65 матчтың 51-ін жеңіліспен аяқтап, 35 ұпаймен Шығыс конференциясында соңғы орынға тұрақтады. “Амур” 40 ұпаймен 11-орында тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie