Александр Овечкин Марк Мессье сыйлығына ие болды: мұз айдынында да, одан тыс жерде де көшбасшы


«Вашингтон Кэпиталз» шабуылшысы Александр Овечкин ҰХЛ-дың ең беделді жеке марапаттарының бірі - Марк Мессье сыйлығының иегері атанды.
Бұл трофей жыл сайын мұз айдынында да, күнделікті өмірде де ерекше көшбасшылық қасиеттер танытқан, сондай-ақ өз қауымдастығында хоккейді дамытуға елеулі үлес қосқан ойыншыға табысталады, деп хабарлайды лиганың ресми сайты.
Айта кетерлігі, бұған дейін Овечкин бұл марапатқа ие болмаған, сондықтан бұл жеңіс оның мансабында ерекше орын алады.
Өткен маусымда 39 жастағы ресейлік хоккейші ҰХЛ тарихына енді - ол тұрақты чемпионаттардағы барлық уақыттағы үздік снайпер атанып, Уэйн Гретцкидің аңызға айналған рекордын жаңартты. Канада хоккейшісінің еншісінде 894 шайба болса, Овечкин 897 шайба соқты.
Дегенмен, Овечкиннің жеке жетістіктеріне қарамастан, «Вашингтон Кэпиталз» плей-оффтың екінші кезеңінен ары аса алмады. Команда «Каролина Харрикейнзден» серияда 1:4 есебімен жеңілді.