Александр Кожевников: "Неліктен жаттықтырушылар кетіп, бас менеджерлер қалады?"
Олимпиада чемпионы Александр Кожевников «Барыстың» бас бапкері Давид Немировскийдің отставкаға кетуіне таң қалды. «Советский спорт» басылымына берген сұхбатында ол маусым басында команда алдына қандай нақты міндеттер қойылғаны белгісіз екенін атап өтті. Оның айтуынша, жұмыстан босату туралы шешім қабылданған, бірақ нақты себептерін ешкім білмейді.
«Соңғы орын кімді қанағаттандыра алады? Әдетте команданы жасақтайтын бапкер болмаса да, барлық кінә соған жүктеледі. Егер сіз бірдеңені өзгертсеңіз, онда бәрі де өзгеруі керек. Неліктен жаттықтырушылар кетіп, бас менеджерлер қалады?» – деді Кожевников.
Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» ҚХЛ тұрақты маусымының басында жеті кездесуде алты рет жеңіліс тауып, турнир кестесінде соңғы орында тұр.
Александр Кожевников КСРО құрамасы сапында екі дүркін Олимпиада чемпионы (1984, 1988) және 1982 жылғы әлем чемпионы.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52