locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Айваз Оморканов: "Қазақстан Әлем чемпионатын өткізуге 100 емес, 150 пайыз дайын"

Айваз Оморканов: "Қазақстан Әлем чемпионатын өткізуге 100 емес, 150 пайыз дайын"
ФОТО: dzen

Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) Азия аймағы бойынша вице-президенті Айваз Оморканов Қазақстанның хоккей дамуына қосқан зор үлесі туралы өз пікірімен бөлісті.

“Қазақстан Азиядағы хоккейдің көшбасшысы болып табылады, ал алғашқы Азия чемпионатының өткізілуі біздің аймақта хоккейдің дамуына тың серпін береді. Қазақстан көптеген федерацияларға қолдау көрсетіп, Азия аймағында хоккейдің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі екендігін дәлелдеді. Менің ойымша, Қазақстан Әлем чемпионатын өткізуге 100 емес, 150 пайыз дайын. Алматыда “Алматы Арена” және Азия чемпионаты өткен “Халық Арена” сияқты тамаша нысандар бар. Сонымен қатар, Астанада “Барыс Арена” да бар. Азия чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруымызды халықаралық федерация көрді, біз бұны бүкіл әлемге көрсетіп үлгердік. Барлық азиялық федерациялар осыны байқап, басқа да Еуропа мен Әлем федерациялары Қазақстанның Әлем чемпионатын лайықты деңгейде өткізуге қабілетті екенін мойындауға тиіс. Бұл, болашақта біздің елге деген көзқарасты өзгертіп, стереотиптерді жоюға көмектеседі”, — деді Оморканов Қазақстан хоккей федерациясының (ҚХФ) баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бұған дейін Оморканов қырғыз командаларының Қазақстан хоккей лигасына қатысу мүмкіндігін де атап өткен болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie