ВИДЕО. Қазақстан1/4 финалда. Кака тарихи жеңісті қазақ туымен атап өтті
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияны (2:1) жеңгеннен кейін әсерлі түрде жеңісін атап өтті.
Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, турнирдің1/4 финалына шықты.
Матч аяқталғаннан кейін, бапкерге трибунадан Қазақстанның туы берілді және Кака өз эмоциясын жасыра алмай, қазақ туын ұстап, алаңда жүгірді.
Естеріңізге сала кетейік, Португалия құрамасы Әлем чемпионы атағына ие. Олар топтық кезеңде үш сенімді жеңіске жетіп, турнирді 17:4 гол айырмасымен аяқтады.
Ал Қазақстан құрамасы жүлде үшін күресін жалғастырып, ширек финалда Аргентина мен Хорватия жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бұған дейін Қазақстан Ливияны (4:1) және Жаңа Зеландияны (10:0) жеңіп, Испаниямен (1:1) тең ойнаған еді.
Хоккей
Бүгін 04:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34