locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Словения құрамасының бапкері Қазақстан құрамасының мықты тұстарын атап өтті

Словения құрамасының бапкері Қазақстан құрамасының мықты тұстарын атап өтті

Словения құрамасының бас бапкері Матяж Кек 2024/25 маусымдағы Ұлттар Лигасында Қазақстан құрамасының мықты тұсын атады.

“Қазақстан Норвегиямен болған матчта ерекше тәртіптілік көрсетті”,- деп келтіреді Кектің сөзін Sports.kz ғаламтор-басылымы.

Еске сала кетейік, Словения мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч дүйсенбі, 9 қыркүйек күні Люблянада өтеді.

Жұма күні қазақстандықтар Ұлттар Лигасындағы алғашқы ойынды Норвегияға қарсы өз алаңында 0:0 есебімен тең бастады.