locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сенсацияға 12 секунд: Қазақстан шешуші голды соғып үлгерді

Футзал 24 там 2024 12:25
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Сенсацияға 12 секунд: Қазақстан шешуші голды соғып үлгерді

"Сайран Аренаның" паркетінде Астанада нағыз триллер орын алды. Футзалдан Қазақстан құрамасы бұл кездесуде анық фаоврит болып саналды, бірақ, жеңісті ойын аяқталуына 12 секунд қалғанда ғана жұлып алды.

Қос құраманың алғашқы кездесуінде Қазақстан пайдасына 3:0 есебі тіркелді, ал екінші кездесуде 7 гол соғылды, ойын 4:3 есебімен аяқталды.

Тәжіктерге қарсы жолдастық кездесу Қазақстан үшін 14 қыркүйектен 6-шы қазанға дейін өтетін әлем чемпионатына қажет болды. Қазақстан құрамасы тағы екі жолдастық кездесу өткізбек. 30 тамыз және 1-ші қыркүйекте қазақтар Иранмен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы D тобына түсіп, Испания, Жаңа Зеландия және Ливиямен күш сынасады.