Семей капитаны Чемпиондар лигасындағы мерейтойлық голын соқты
"Семей" капитаны Шыңғыс Есенаманов футзалдан Чемпиондар лигасында мерейтойлық гол соқты, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Португалиялық "Спортинг" қақпасына соққан гол Еуропаның басты клубтық турнирінде Есенаманов үшін 15-ші болды. Ол алғаш рет 2013 жылдың 2 қазанында қарағандылық "Тұлпар" құрамында Харьковтың "Локомотив" қақпасына гол соқты. Қарағандылықтар мен "Семей" командасынан басқа, Есенаманов Чемпиондар лигасында алматылық "Қайрат" құрамында ойнап, гол соқты.
Айта кетейік, Шыңғыс Есенамановқа Чемпиондар лигасындағы қазақстандық клубтардың үздік 5 мергенінің қатарына кіру үшін бір гол жетпейді – бразилиялықтар Лео Сантана мен Эдсонның әрқайсысында 16 голдан бар. Рейтингте тағы бір бразилиялық Лео Мендонса 25 голмен көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетейік, "Семей" бүгін Чемпиондар лигасының екінші турының "Қайратқа" қарсы матчын өткізеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35